$ 498.34  519.72  4.85

Қызылорда тұрғынының ауласындағы шетелдік автокөлікті ұрлап кеткен

Оқиға Қызылорда қаласында болған.

Қызылордада біреудің ауласында тұрған шетелдік көлікті ұрлап кеткен адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Қызылорда қаласында болған. Жергілікті тұрғын өзінің ауласынан шетелдік көлігі қолды болғаны жөнінде полицияға арызданған еді. Түн ішінде белгісіз біреу көлікті айдап алып кеткен. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп ұзамай көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты. Күдікті ретінде Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотты болған. 

«Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда