$ 498.34  519.72  4.85

«Кешірмейміз!» Ауған соғысы ардагерлері Назарбаев пен Тоқаевқа ашық хат жолдады

Ауған соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлерінің пікірінше, мұндай мәлімдемелердің мәні қоғамды жікке бөліп, қазақстандықтарды бір-біріне қарсы қойып, қоғамның тұрақсыздығын бұзуға бағытталған.
фото: Владимир Каменев
фото: Владимир Каменев

Алматы әкімдігі жанындағы Ауғанстан соғысы ардагерлерінің үйлестіру кеңесінің штаб жетекшісі Владимир Каменев елдегі ірі қалаларда өткен ардагерлер митингтеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының өңірлік телеарна эфиріне сұқбат беруші: «Ұлы Отан соғысы біздің соғыс емес, мұндай терминді Қазақстан тарихынан алып тастау керек, тек ІІ-дүниежүзілік соғыс деп аталсын ол» деген. Оған қоса, ол адам Кеңес әскері сарбаздарының ерліктерін жастарға үлгі етпеуге шақырып, 6,5 миллион халқы бар Қазақстаннан 1,2 миллион адамның қан майданға аттанғанын ұмытып, 1941-1945 жылдары 560-тан 670 мыңға жуық қазақстандық қаза болғанына көз жұма қарауды ұсынған.

Сонымен қатар ол: «1979-1989 жылдардағы Ауғанстан соғысының ардагерлері, шын мәнінде, бандиттер болған, балалардың құлағын,басын кесіп, онымен футбол ойнап, сол жерде 1,5 миллион адамды өлтірді» деп пікір айтқан.

Бұл сұхбат, ардагерлердің айтуынша, Алматы облысындағы өңірлік телеарнаның бірінен қыркүйек айының соңында берілген.

Ауған соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлерінің пікірінше, мұндай мәлімдемелердің мәні қоғамды жікке бөліп, қазақстандықтарды бір-біріне қарсы қойып, қоғамның тұрақсыздығын бұзуға бағытталған.

«Оның ауған соғысының ардагерлері туралы айтқаны ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы, яғни «Жала жабуға» сай келіп тұр.

Ауған соғысы ардагерлерінің митингі барлық ірі қалаларда өтті, сондай-ақ Алматыда 28 Панфилов атындағы саябақта да болды. Жиында ардагерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жазу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, бұл хатты Бас прокурорға ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы өтінішпен жолдады, - дейді Владимир Каменев.

Кейбір дерек бойынша, сұқбат бергендердің бірі ардагерлерден кешірім сұраған. Бірақ олар соңына дейін баруға ниетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары