$ 449.58  486.94  4.86

Ресейде қырғызстандық спортшы төбелестен соң қаза тапты

Кузбасс ІІМ бас басқармасы іздестіру барысында полицияның ер адамды қолға түсіргенін мәлімдеді.

Ресейдің Ленинск-Кузнецкий қаласында 32 жастағы ер адам қызымен ұрсып қалған жігітті соққыға жықты. Жас жігіт алған жарақаттарынан аурухананада көз жұмды деп хабарлайды vesti.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кузбасс ІІМ бас басқармасы іздестіру барысында полицияның ер адамды қолға түсіргенін мәлімдеді.

"Ол жергілікті барлардың бірінде ішімдік ішіп отырып, жігіт пен қыздың арасында дау-дамай туғанын байқаған. Қызға болысамын деп, 25 жастағы жігітті сыртқа алып шыққан. Екеуінің арасында төбелес басталып, ер адам жас жігітті жерге жыққан. Сосын бірнеше рет басын асфалтьқа ұрған. Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды", – делінген ведомство хабарламасында.

Ер адамның үстінен "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ауруханада жас жігіттің бас сүйек жарақатын алғаны анықталды. Шеке сүйегі сынып, миына зақым тиген екен. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Кейіннен қаза болған жігіттің Қырғызстан тумасы Болот Атакулов екені анықталды.

Марқұмның бауыры оның денесін Қырғызстанға жеткізу үшін қаржылай көмек сұрап, әлеуметтік желіге пост жариялады.

Болот Атакулов бокстан Кузбасс және Сібір чемпионы, ол сондай-ақ басқа да жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанған. Соңғы уақыттары жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей