$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабап тастаған 2 жастағы бүлдіршін көз жұмды

Өкіншітісі, осындай жантүршігерлік сипаттағы оқиғалар жиілеп барады.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабап тастаған 2 жастағы бүлдіршін көз жұмды.  Өкіншітісі,  осындай  жантүршігерлік сипаттағы оқиғалар жиілеп барады. Тіпті, жуырда ғана ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың жетпіс пайызы өздерінің жақындарынан зәбір көруде" деп қорқынышты мәлімдеме жасаған.

Баласына жаны ашымайтын қатыгез әке, мейірімсіз шеше неге көбейді. Қоғам үшін өгей бала жоқ. Әр бала бақытты болуға лайықты ғой?!  Заң әлсіз бе, әлде мәселе басқа да ма? Осы сұрақты мамандарға қойған едік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бір апта бұрын өгей әкесінен әбден қорлық көріп, ес-түссіз жатқан 2 жасар бүлдіршіннің  жүрегі бүгін таңертең тоқтады. Бас сүйгегі сынып, миы шайқалып,  түрлі ауыр жарақат алған баланың өмірімен дәрігерлер 10 күн бойы күресті, алайда бала есін жимастан көз жұмды. Бұған дейін таратылған ақпаратқа қарағанда оны анасымен бірге тұрған өгей әкесі үйінде өлімші етіп сабап, далаға сүйреген. Әбден қиянат көрген сәбидің ес-түссіз жатқанына қарамастан өгей әке оны тағы да соққының астына алыпты.

"Кешірім қалай қояды? Бала 24 сағаттан кейін не өледі, не тіріледі. Ол бостандыққа шықса да өмір сүрмейді. Не себеп болды деп ойлайсыз бұндай жағдайға? Ішіп алған, қуып кеткен. Басқа қандай себеп болады?", - деді баланың нағашы ағасы Нұржан Теңізбаев. 

Өкініштісі сол, мұндай оқиғалар елімізде жиі қайталануды. Мәселен, жуырда ғана Қарағанды облысында тағы бір бүлдіршін анасымен бірге тұрған еркектің қолынан ажал құшты. Қаскөй бірінші баланы ұрлап, кейін оның мойнын, көкірек қуысын қатты затпен басып, тұншықтырыпты. Бірнеше күннен соң бүлдіршіннің денесі табылып, күдікті ретінде бұрын істі болған 23 жастағы ер адам ұсталды.

Ал Атырауда 13 жастағы қыз өгей әкесінен екіқабат болып қалған. Азғын өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын жеті ай бойы зорлаған. Осылайша, балаларға қатысты зорлықтың тым  жиелеп кетуіне байланысты, тіпті Ішкі істер министрлігінің өзі де дабыл қақты.

 «Бүгінгі таңдағы балалар құқығына қатысты басты проблема  оларға қарсы зорлық-зомбылық пен күш қолданудың тоқтамауы. Арнайы статистика зорлық-зомбылық көрсететіндердің 77 пайызы - балалардың өз жақындары екенін көрсеткен. Яғни  кішкентай қыздар мен ұлдар көп жағдайда туған және өгей әкелерінен, аналарымен бірге тұратын еркектерден, өзге де туысқандарынан зәбір көреді», - деді ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев. 

Вице-министрдің айтуынша кей жағдайда куәгерлер болмағандықтан істі дәлелдеу қиынға соғады екен.

Ал, балаларға зорлық-зомбылық көбінесе үйде, пәтерде және жатақханада жасалады. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласына немқұрайлықпен қарамай, абай болған жөн. Ал халық қалаулылары мынадай жантүршігерлік оқиғалардың санын азайту үшін, заңды қатайтып, тұрғындардың ішкі психологиясымен жұмыс істеу керек деп есептейді.

«Қазіргі мына заңдарды оқиға болмау үшін, ол заңдарды күшейту керек. Одан да қатайту керек», - дейді ҚР парламенті мәжілісіні депутаты Дания Еспаева.

«Менің ойымша мұндай қылмыстың өршуіне заңның қатысы жоқ. Керісінше адамдардың психологиялық проблемаларында. Яғни қазіргі ақпараттың тым көп болуына түрлі азғындарды осындай қылмысқа итермелеуі мүмкін. Сол себеті анализ жасап, оның негізгі салдарын іздеу керек», - дейді депутат Сергей Симонов. 

Айта кетейік, соңғы 8 ай ішінде балалар зорлығына қатысты 589 қылмыстық іс қозғалса, 40-мыңнан астам ата-ана мен заңды өкілдер балалардың құқығы мен заңды мүддесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сол секілді сот арқылы жыл сайын 1 мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылған.  

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өгей әкесінің 2 жасар баланы сабап тастағанын, бүлдіршіннің комада жатқанын хабарлаған едік. Өгей әкесінің 2 жасар баласын неліктен өлімші етіп сабағаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы