Оралда ер адам көшедегі әжетханаға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 17.20-да М.Шолохов көшесі 21-мекенжайында болған.
«Форсаж» автокешеніндегі әжетханаға 1971 жылғы азамат батып кеткен.
Әжетханадағы сұйықтық сорып алынып, марқұмның денесін шығару жұмыстары жүргізілуде.