04.10.2019, 22:28

Алматыда WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан әйел көпшіліктен кешірім сұрады

Фото: 24.kz
Күдікті енді 2,5 миллион теңге айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа тартылады.

Алматыда 28 жастағы азамат WhatsApp арқылы «балаларды жаппай ұрлап, сатып жатыр» деп елдің үрейін алды, деп хабарлайды 24.kz.

Келіншек полицияға берген түсініктемесінде хабарламаның соншалықты әбігер туғызатынын білмедім деп ақталған. Құқық қорғаушылар фейк жаңалықтың авторын көп ұзатпай анықтаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті енді 2,5 миллион теңге айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті бір жылға дейін бас бостандығынан да айрылуы мүмкін. 

Блиц: 

- Менің хабарламамды естіп, әбден зәресі ұшқан алматылықтардан кешірім сұраймын. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде желдей еседі деп ойламаппын.   Өтінемін, кешіріңіздерші!

Тегтер: Алматы