05.10.2019, 00:42

Семей тұрғыны мүгедек адамды алдап, атына несие рәсімдеген

Әйел құқық қорғау орындарына көктемде ұлының сауда үйлерінің бірінле бейтаныс ер адаммен жүргенін айтқан.

Шығыс Қазақстан облысынла алаяқ адам психиатриялық диспансерде есепте тұратын жігітті алдап кетті. Бейтаныс адам оның атына ірі сомада несие рәсімдеген деп жазады ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 25 сәуірде Семейде болған, бірақ 1 қазанда жәбірленушінің анасы, 57 жастағы семейлік әйел полициядан көмек сұраған кезде белгілі болды.

Әйел құқық қорғау орындарына көктемде ұлының сауда үйлерінің бірінле бейтаныс ер адаммен жүргенін айтқан. Сол кезде күдікті 25 жастағы ұлының атына 370 мың теңге несие рәсімдеп тастаған.

СОндай-ақ, әйел жәбірленушінің психикалық ауытқуы бар екенін, оның әрекеттері үшін объективті жауап бере алмайтындығын айтты. 1999 жылы ол психиатриялық диспансерде тіркелген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін бірден мекен-жайға шыққан. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындап, алынған соманы жаратып қойғанын айтқан.

Оған қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Тегтер: Семей