05.10.2019, 02:30

Атырауда 42 сәби өлімі тіркелген

Фото: Stan.kz
Тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Атырауда соңғы екі ай ішінде 42 сәби өлімі тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ағымдағы жылдың тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында туғаннан кейін 26, ал қыркүйекте 16 сәби қайтыс болды. Осы фактілер бойынша прокуратура уәкілетті органдарға қызметтік тергеу жүргізу туралы тапсырма берді.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бұдан басқа, бұған дейін хабарланғандай, №3, №4 және №5 қалалық емханалардың қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде", - деп хабарлады Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Аталған қылмыстық істердің тергеу барысы Атырау облысы прокурорының ерекше бақылауында.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау облысы перинаталдық орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған баланы тоңазытқышқа салып өлтірді деген айып тағылған болатын. 

Бұл туралы брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеген еді. Атырау денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңа туған нәрестені өлтірді деген күдікпен дәрігерлердің атына айып тағылды. 

Тегтер: Атырау