05.10.2019, 06:00

Такси жүрізушісі зорлаған: Павлодарда тергеу ісін ұзаққа созған полицей жазаланады

Жәбірленуші мен оның адвокаты өңір ПД бастығының жеке қабылдауында болды.

Павлодарда такси жүргізушісі зорлаған қыздың тергеу ісін созған полицей жазаланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров такси жүргізушісі зорлаған қыздың ісін өз қолына алып,  тергеу барысын созған қызметкерлерге тиісті шара қолдануға уәде берді. 

"Істі ұзаққа созып, тергеу сапасының төмендеткені үшін жеке қауіпсіздік басқармасы облыстың ЖП қызметкеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізуде. Тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп түсіндірді Әубәкіров.

Жәбірленуші мен оның адвокаты өңір ПД бастығының жеке қабылдауында болды. Қазіргі таңда зорлау және ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.                                              

"Іс бойынша қосымша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері жақын арада дайын болады. Сондай-ақ күдіктінің дәлелдері тексеріледі және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіледі. Қамауда ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған", - деді Әубәкіров.

Оның айтуынша, жәбірленушіге таксистің туыстары тарапынан қысым жасалған.                                                       "Сонымен қатар, күдіктінің жақын туыстары қызға арызын қайтып алуын талап кеткені анықталды. Қазіргі уақытта олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде, оларға заңдық баға беріледі", — деді Әубәкіров.