$ 494.87  520.65  4.91

Таиландта сарқырамадан бір-біріне көмектесіп өтпек болған 6 піл өліп қалды

Мұндай жағдайға жануарлар пілдің баласы сарқыраманың жанындағы құзға құлап қалған соң тап болды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Таиландта сарқырамадан бір-біріне көмектесіп өтпек болған алты піл өліп қалды. Оқиға елдің оңтүстігінде орналасқан Хао-Яй қорығында орын алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай жағдайға жануарлар пілдің баласы сарқыраманың жанындағы құзға құлап қалған соң тап болды. Оған көмектескісі келген басқа пілдер де құзға құлады. 

Бұл сарқыраманың тарихы қайғылы оқиғаларға толы. Жергілікті тұрғындар оны қара құрдым деп атайды. 

1992 жылы бұл жерде сегіз піл өлген. Қорықтар мен табиғатты қорғау министрлігінің жасаған мәлімдемесінде бір топ пілдің жолға шығып, оны бұғаттап тастағаны айтылады. Мұны қорықтың қызметкерлері сарқыраманың жанына барғанда көрген. 

Үш сағаттан кейін үш жасар піл баласының денесі сарқыраманың түбінен табылды. Жақын маңайда бес үлкен пілдің денесі жатты. Екі тірі піл таудан табылды. 

"Жабайы жануарлардың достары" атты қордың негізін қалаған Эдвин Виек топтағы өзге пілдер де өліп қалады деп ойлайды. Себебі, бұл жануарлар жыртқыштардан қорғанып, қорек табуда бір-біріне тәуелді. Сонымен қатар, пілдер бір-бірінің қазасын ауыр көтереді. 

"Ешнәрсе істей алмайсың, қатал табиғат", — деді Эдвин Виек. 

Таиландта 7 мың азиялық піл бар. Олардың басым бөлігі еркіндікте өмір сүрмейді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тайланд