$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да балықшылар суға кетті

Олар резеңке қайықпен балық аулауға шығып кеткен.

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ШҚО ТЖД-ға Ұлан ауданының Қанай ауылында (Жаңа Қанай ауылынан 3 шақырым жерде-авт.) жергілікті тұрғындар судан 1958 жылғы азаматты алып шыққаны туралы хабарлама түсті. 

«Егделеу ер адам балық аулап отырған жерінде абайсызда қайықтан құлап, суға батып кеткен. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында Құлынжон ауылынан 17 шақырым жерде 1981 және 1983 жылғы екі балықшының суға кеткені белгілі болып отыр. Олар резеңке қайықпен балық аулауға шығып кеткен. Олардың денесі 7 қазанда табылды», - деді ТЖД. 

Құтқарушылар балық аулау кезінде азаматтарды абай болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#балықшылар