$ 494.87  520.65  4.91

«Ыңғайсыз»: Тоқаевқа шенеуніктердің отырысы ұнамады

Біз мұнда отырмыз, шақырылған орындаушылар, мәслихат депутаттары бір-біріне қарап отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың дамуы бойынша жиналыста шенеуніктердің отырған отырысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

«Байқаймын, жиналыс кезінде отырыс біртүрлі. Біз мұнда отырмыз, шақырылған орындаушылар, мәслихат депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл қайдан шыққан креатив? Жиналыстың өзінің классикалық отырғызу үлгісі бар емес пе? Мүлде үйлесімсіз креатив. Адамдар бір-біріне қарап отыр, ыңғайсыз», - деді Президент.  

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорданың дамуы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары