Қытайда адам ағзасын бөлшектеп, тоңазытқышта сақтаған видео пайда болды, деп жазады Bugin.kz.
Желіге видео жариялаған автордың айтуынша, жергілікті тұрғындар ұстап алып сабап жатқан адамдар – балалардың ағзасын сатумен айналысқан қандықол қарақшылар. Олар балалардың ағза-мүшесін ота жасап, кесіп алып, контейнерлерге салып алып жүретін болған.
Видеодан бір топ адамның екі жігітті жерге салып ұрып жатқанын көруге болады. Үшіншісі ес-түссіз жерде жатыр.
Одан кейінгі кадрлар мүлдем жан түршіктіреді. Баласын жоғалтқан аналардың бірі болуы мүмкін. Жәшікті ашып, баланың үстіне жабылған мұздарды алып жатқан көрінісі түсіп қалған.