$ 498.34  519.72  4.85

«Қосымша келісімшарт жасадық»: Алтай Көлгінов LRT мәселесін сынға алған Тоқаевқа жауап берді

О баста барлық сарапшылармен (жобадан бас тарту туралы) ойладық. Бұл жобаны тоқтатуға мүмкіндік бермеген біріншіден, халықаралық міндеттемелер бар.
Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT мәселесі бойынша сынына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов қалалық әкімдікте өткен елорданы дамыту мәселелеріне арналған мәжілістен кейін журналистерге айтып берді.

Ол LRT-ның құрылысының алғашқыда құны өте қымбат және күрделі жоба болғанын, президенттің тапсырмасынан кейін жобаға түзетулер енгізілгенін түсіндіріп берді.

"О баста барлық сарапшылармен (жобадан бас тарту туралы) ойладық. Бұл жобаны тоқтатуға мүмкіндік бермеген біріншіден, халықаралық міндеттемелер бар. Келісімшартқа қол қойылып кеткен, ол жерде (бас тартқан жағдайда) арбитраж қарастырылған. Арбитраж дегеніміз - мемлекеттің міндеттемелері. Одан бас тартатын болсақ, салдары өте ауыр болмақ.

Сондықтан шығындарды оңтайландыру жолымен жүріп, Қытай даму банкінің қарызынан бас тарттық. Бұл қарыздық қызмет көрсету нәтижесінде біз үстінен 800 миллион берер едік. Сондықтан да бұдан бас тарттық", - деді Күлгінов.

Екіншіден, келісімшартта мердігердің тарапынан қосымша құн салығын (ҚҚС - Т.Т.) төлеу көрсетілмеген. Мердігеріміз – шетелдік әріптесіміз. Сол себептен қосымша келісімшарт жасадық. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат түседі.

Үшіншіден, станциялардың көптігіне қатысты сын айтылды. Бастапқыдағы 18 станцияның санын 11-ге дейін қысқарттық. Сонымен қатар, жеңіл рельсті пойыздың станциялар арасына қатынауы 3 минут деп жазылған.

Біз мамандармен кеңесіп, бұл аралықты 10 минутқа ұзарттық. Өйткені, бұл келешектің жобасы болғандықтан халық санының өсуін есепке алдық. 7 жеңіл рельс құрамын азайттық. Осылардың нәтижесінде барлығы 1 млрд 350 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары