Жаңалықтар 08.10.2019 сағат 20:13

Айдар Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды

Елдар Томашов басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
Айдар Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
Фото: Kapital.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айдар Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айдос Үкібай Twitter парақшасына жазғандай, Тұңғыш Президент Кеңсесі басшысының 8 қазандағы бұйрығымен Айдар Есенұлы Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Осы уақытқа дейін аталмыш лауазымда еңбек етіп келген Елдар Томашов басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар