$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ Ресейге Сирияның әскерін шығаратыны туралы хабар бермеген

Мәскеу әскерлердің қалай шығып жатқанын мұқият қарап отыр.
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

АҚШ билігі Ресей басшылығына Сирияның солтүстік-шығыс бөлігінен әскерін шығаратыны туралы хабар бермеген. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегенін "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

"Жоқ, ешкім хабарлаған жоқ", - деген Песков Кремльде Сириядан Американың қандай бөлімшелері кетіп жатқанын ешкім білмейтінін қосты.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысының айтуынша, Мәскеу әскерлердің қалай шығып жатқанын мұқият қарап отыр.

"Әлемнің кез келген жерінен әскерін шығаратыны туралы хабарлар болды. Бірақ ешқайда шығармады. Сондықтан біз жағдайдың қалай болып жатқанын мұқият қарап отырмыз", - деді Песков.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ