$ 448.56  478.03  4.79

Қанат Исламның Алматыда өтетін титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондокваға (18-1, 17 КО) қарсы сынға түседі.
Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Алматыда 26 қазанда өтетін титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.   

«Qazaq promotions» компаниясының Instagram-парақшасында белгілі болғандай, билеттерді Zakazbiletov.kz порталынан алуға болады екен.  

Сондай-ақ оффлайн түрде «ZAKAZBILETOV.KZ кеңсесінен (Наурызбай батыр 152А мекенжайынан), «Овация» тұрғын үй кешенінің 4 кеңсесінен алуға болады. Жұмыс кестесі 10:00-18:00 аралығы. Билеттер үзіліссіз, сенбі және жексенбі-демалыс күндері де сатылады. Сондай-ақ Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы ғимаратындағы - «Visit Almaty» орталығынан билет алуға болады», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондокваға (18-1, 17 КО) қарсы сынға түседі. 

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қанат Ислам