Жаңалықтар 11.10.2019 сағат 09:40

Әйгілі «Disneyland» елордада салынады (ВИДЕО)

Ойын-сауық саябағы қай жерден ашылатыны әзір белгісіз.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанда «Disneyland» салынады. Бұл туралы «Ақылды қалалар — ақылды дестинациялар» атты жаһандық саммитте белгілі болды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Жергілікті әкімдік мұндай ауқымды жоба арқылы Бас қалаға келетін туристердің санын арттыруды көздеп отыр. Ойын-сауық саябағы қай жерден ашылатыны әзір белгісіз. Белгілісі жобаны іске асыратын инвесторлар іздестірілуде. 

Ерлан Бекмырзаев, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы: 

«Disneyland» салу үшін барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер керек. Жыл он екі ай жұмыс істеп тұру үшін кешен жабық болуы тиіс.  Осыған ұқсас жоба бұған дейін де таныстырылған болатын. Оның құрылысы 2018-ші жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы жоспарланған еді. Алайда, басқарма басшысы 200 млн долларға бағаланған жобаның тағдырына қатысты сұрақтан тосылып қалды.


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар