$ 494.87  520.65  4.91

Жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау қашан басталады?

Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін Сіз ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлеген болсаңыз, осы тұрғын үй үшін 5 000-15 000 теңге төлейтін боласыз, бұл Сізге 5 жыл ішінде өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін қаражат салуға мүмкіндік береді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ағымдағы жылдың қараша айында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өтініштерді қабылдау басталғанға дейін алдын ала, біздің интернет-ресурстарда құжаттарды беру мерзімі туралы және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат болады.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үй тек 5 жылға ғана, атап айтқанда жұмыс істейтін жастарға беріледі. Яғни, 5 жылдан кейін Сіз берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек болады.

Егер Сіз іріктеу өтіп және Сіз осындай тұрғын үй алсаңыз, тұрып жатқан уақытта ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде өз пәтеріңізге алғашқы жарнаға қазірдің өзінде жинақтақтауыңызды ұсынамыз.

Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін Сіз ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлеген болсаңыз, осы тұрғын үй үшін 5 000-15 000 теңге төлейтін боласыз, бұл Сізге 5 жыл ішінде өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін қаражат салуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс істеп жатқан жастардың өз баспанасына жинақтау мүмкіндігін алуы үшін мемлекеттің қолдауы.

Құжаттарды беру тәсілі: тек электронды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Қараша

2019 жылға арналған пәтерлер саны: 1050

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге

Қатысушылар үшін негізгі шарттарды естеріңізге сала кетейік:

– ҚР 29 жасқа дейін азаматы;

– аяқталған орта/орта-арнайы/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;

– соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркеу;

– өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ құлау (құлау) қаупі бар авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш беру алдындағы 2 (екі) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;

– төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы кіріс соңғы 6 айда кемінде 101 000 теңге).

Суреттер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми Instagram-парақшасынан алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары