Әлеуметтік желіде тарап кеткен Қарағандыда болған екі қыздың төбелесі туралы видеоны полицейлер назарға алды, деп хабарлайды baq.kz.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталмыш дерек «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс ретінде тіркелді. Төбелес ұйымдастырған тұлғалардың аты-жөні белгілі болды.
Істің мән-жайы анықталуда.