$ 448.15  483.46  4.86

Жасанды еттен жасалған котлет мейрамхана қонақтарына ұсынылып жүр

Ғалымдардың айтуынша, ол пробиркада өндіріледі. Ол үшін асыл тұқымды Абердин-ангус бұзауларының бұлшықет тіні қажет екен.

Ресейлік ғалымдар алғаш рет жасанды еттен котлет дайындады. Тіпті одан әзірленген гамбургерді мәскеулік мейрамхана қонақтарына ұсынған, деп жазады 24.kz. 

Жалпы жасанды жолмен ет өндіруге екі жыл кетті. Ғалымдардың айтуынша, ол пробиркада өндіріледі. Ол үшін асыл тұқымды Абердин-ангус бұзауларының бұлшықет тіні қажет екен. Осыдан кейін ол қоректік заттармен бірге өсіріледі. Осылайша ғалымдар салмағы 40 грамм болатын ет фаршын дайындаған. Бірақ бір кемшілігі бар, оның құны өте жоғары - 900 мың рубльге жуық.  Айта кетсек, жасанды еттен жасалған бургер алғаш рет Голландияда осыдан 6 жыл бұрын әзірленген болатын. Сол кезде оның бағасы 280 мың долларды құраған еді. 

Дина Степанова, лаборатория жетекшісі: 

- Біз жасанды ет құрамын түрлендіре аламыз. Мәселен, еттегі майлы қышқылдар санын арттыру мүмкіндігі бар. Немесе дәрумендерге бай ет өсіруге болады. Сондай-ақ вегетариандарға арналған ет өнімдерін дайындай аламыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары