$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда алимент төлеуден қашып жүрген әке қамауға алынды

Прокурорлар аталмыш азаматтың алимент қарызы осы жылдың 1 қазанында 600 мың теңгеден асқанын анықтады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Көкшетауда алимент төлемеген «көкек» әке 3 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мұндай жаза алиментті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Көкшетау қалалық әкімшілік сотының қаулысы бойынша тағайындалды», дейді ведомстводан. 

Әкімшілік істі Көкшетау қалалық прокуратурасы кәмелетке толмаған үш баланы асырап отырған қала тұрғынының өтінішін қараған соң қозғады. Прокурорлар аталмыш азаматтың алимент қарызы осы жылдың 1 қазанында 600 мың теңгеден асқанын анықтады. 

«Жалпы, жыл басынан бері осындай құқық бұзу фактілері үшін алимент төлемеген 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін және атқару парағын орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК 669-бабы бойынша 5 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған» деп толықтырды ведомстводан. 

Алиментті 3 айдан астам уақыт төлемеген жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Көкшетау