$ 494.87  520.65  4.91

Арыстағы оқ-дәрілердің фрагменттерін жою барысында әскери қызметкер көз жұмды

Қайғылы жағдай бүгін, 11 қазанда Арыс қаласынан 60 шақырым жерде болған.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Түркістан облысы Арыс қаласында арнайы полигонда оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша уақытынан бұрын жүргізілген детонация салдарынан әскери қызметкер қаза тапты деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай бүгін, 11 қазанда Арыс қаласынан 60 шақырым жерде болған.

Әскери қызметкерлер жиналған оқ-дәрілерді арнайы полигонда жою жұмыстарын жүргізген.

Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы, майор А. С. Ақышев ауыр жарақат алды.

Министрлікжұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілгенін хабарлады.

Оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен достарына көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары