$ 446.49  475.38  4.79

Жамбыл облысында 13 жастағы қыз өгей ағасынан жүкті болып қалған

Қазіргі таңда қылмыстық іс қадағалаушы прокурордың бекітуі бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған.
Фото: gs.by
Фото: gs.by

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында 13 жасар жасөспірім қыз өгей ағасынан жүкті болып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ағымдағы жылдың 6 маусымында Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан 13 жастағы жасөспірімнің 22 апталық жүктілікпен қаралғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Аталған дерек бойынша Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен (жас балаға қатысты зорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, тиісті сараптамалар тағайындаған» делінген ведомство хабарламасында. 

Сондай-ақ, хабарламада жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде және сараптама қорытындысына сәйкес баланың биологиялық әкесі анықталып, жәбірленушінің өгей ағасы болып келетін 22 жастағы азамат қамауға алынғаны айтылған. 

Қазіргі таңда қылмыстық іс қадағалаушы прокурордың бекітуі бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары