$ 448.15  483.46  4.86

Ғарышкер Алексей Леонов дүниеден өтті

Алексей Леонов 86 жаста болған. Ол соңғы күндерін Мәскеудегі ауруханада өткізген.

Ашық ғарышқа шыққан әлемдегі алғашқы ғарышкер Алексей Леонов 10 қазанда 86 жасында өмірден озды, деп жазады ktk.kz

Аты аңызға айналған ғарышкердің өлімі туралы ақпаратты Гагарин атындағы ғашыркелреді дайындау орталығындағылар растады. Ал Леоновтың туыстары ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Алексей Леонов 86 жаста болған. Ол соңғы күндерін Мәскеудегі ауруханада өткізген. 

Алексей Леонов Кеңес одағының батыры атағын екі мәрте алған. Ол 1965 жылы ашық ғарышқа шыққан әлемдегі алғашқы адам болды. Леонов ашық ғарышта 12 минут болған. Алексей Леоновтың артында жұбайы, қызы мен екі немересі қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғарышкер