$ 449.3  489.69  4.89

Донер дүңгіршегіне ұрлыққа түскендер ұсталды

Инспектор бейнебақылау камераларының көмегімен дөнер дүңгіршегіне терезе арқылы кірген ер адамды байқаған.
фото: elitar.kz
фото: elitar.kz

Нұр-Сұлтандық ерлі-зайыпты дөнер дүңгіршегін түнгі уақытта тонамақ болған. Олар дүңгіршекке терезе арқылы кіруді көздеген, деп хабарлайды elitar.kz

"10 қазанда түнгі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларының көмегімен дөнер дүңгіршегіне терезе арқылы кірген ер адамды байқаған. Инспектор оқиға орнына полиция нарядын жіберді. Санаулы минуттарда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дүңгіршекті тонамақ болғандарды ұстады" деді қалалық полиция департаментіндегілер. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары