$ 498.34  519.72  4.85

«Туған жеріне ор қазып жатыр» - Нұрсұлтан Назарбаев

Олардан қайда қашып құтыласың? Ақыры солай болса, олармен жақсы қарым-қатынас орнату керек.
фото: today.kz
фото: today.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумақтарын Қытайдың қазақстандық-қытайлық кәсіпорындарды құру арқылы басып алуы туралы қауесеттерді шетелдегі қашқын ұрылар мен қылмыскерлер таратқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында "Бізді Қытай басып алуы мүмкін" дегенді естігенін айтты. 

Ол Қазақстан Қытаймен серіктес бола береді, бірақ тек пайдалы жобалармен ғана екенін атап өтті. 
"Біз Жібек жолын қолдадық, өйткені бұл біз үшін өте пайдалы. Қазір біз жүктерді Тынық мұхитынан Қытай мен Қазақстан арқылы Каспий теңізіне, Кавказға және Еуропаға тасымалдаймыз және Қазақстан осы контейнерлерден ақша табуда.

Қазір миллион контейнер, ол екі миллионға жетеді. Біз жыл сайын осы транзиттен жайдан-жай 5 млрд доллар табамыз, түсінесіз бе?

Ресей де, қытай да - Құдай қосқан көрші. Олардан қайда қашып құтыласың? Ақыры солай болса, олармен жақсы қарым-қатынас орнату керек. 

Мұны бізден шетелге қашқан ұрылар мен қылмыскерлер таратып отыр. Шынымды айтсам, мен оларды аяймын. Олар Отаны жоқ болғандықтан, туған жеріне ор қазып жатыр, жамандық болсын дейді", - деді Елбасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары