Жаңалықтар 12.10.2019 сағат 20:08

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Ресейдe өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі «қола» еншіледі

Әлем чемпионтанына Қазақстан сапынан он спортшы қатысқан болатын.
Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Ресейдe өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі «қола» еншіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі «қола» еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, 64 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Милана Сафронова жартылай финалда италиялық Анджела Кариниге есе жіберіп, ақтық сынға өте алмады. 

Ал 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Дина Исламбекова қытайлық Ксиаоли Янгтен ұтылды.

Осылайша, бокстан Қазақстан командасы әлем біріншілігін екі қола жүлдемен аяқтады. 

Айта кетелік, Әлем чемпионтанына Қазақстан сапынан он спортшы қатысқан болатын. Ертең, 13 қазанда финалдық кезең өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар