$ 494.87  520.65  4.91

«Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті алаяқтық бойынша ұсталды

Қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында.
Фото: nur.kz.
Фото: nur.kz.

Ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев Алматыда ұсталды. Оған алаяқтық бойынша айыппұл тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Алматы қалалық полиция департаменті азамат Д. биыл қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі 4-тармағы ("Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен") бойынша айып тағылып, ұсталды. Қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында", - делінген ресми хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары