Facebook әлеуметтік желісіндегі #Немолчиkz қоғамдастығында балаға зорлық көрсетілгені туралы жазған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Павлодарда қазан айының алғашқы күндері жеті жасар қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Тергеушіге көп жазба, онсыз да статистика жаман... деп айтқан. Ата-аналар қазір Нұр-Сұлтанда БП-ға өтініш беруде. Гинеколог қыздың жарақаты туралы айтса, сот сараптамасы жағдайды жоққа шығаруда. Бізде статистика үшін бе, әлде балалардың өміріне қатысты күрес жүргізіле ме?» - деп жазады постың авторы #Немолчиkz тобында.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде қылмыс фактісін растады.
«Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 121-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (бірнеше рет жасалған жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері - ескерту PN). Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды», - деп түсіндірді полицияда.