$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жекеменшік үй өртеніп, бір адам мерт болды

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Алатау ауданында жекеменшік үй өртеніп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап. 

 «15 қазанда сағат 22:22-де Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. 25 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 23:00 сөндірілді. Оқиға орнынан 1960 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Сондай-ақ, 1987 жылы туған ер адам түрлі деңгейде күйік алған. Оған медициналық көмек көрсетілуде», - делінген Комитет хабарламасында. 

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары