$ 444.32  473.33  4.76

СҚО-да жоғалған 17 жастағы қыздың мәйіті табылды

Оқушының сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқырдың жанынан табылған.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласында қазаншұңқырдан жоғарғы сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     

Полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Оқушының сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқырдың жанынан табылған. Белгілі болғанындай, 17 жастағы қыз 13 қазан күні кешкісін сағат 10-00-дер шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның туғандары М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Қыздың денесі келесі күні іздестіру шараларының барысында табылды. 

«Қыздың денесін тексеру кезінде қылмыс ізі байқалмады. Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеу реестрінің тізіліміне енгізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Қыздың отбасы да жайсыз    отбасылардың қатарынан емес»,-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО