Алматы қаласындағы "Esentai IMAX" кинотеатрының 6 залында қазақ тілінде дубляждалған "Малефисента –2: Түнек Әміршісі" фильмінің алдын ала көрсетілімі болды.
Мемлекеттік тілде прокатқа шыққан 32-фильм сиқырға толы хикаямен жалғасын тапты.
Көрсетілім "Өзіңнен баста" жоба аясында "Болашақ" корпоративтік қоры және "Меломан" компаниясының бастамасымен "Нұр Отан" партиясының қолдауымен жүзеге асырылған.
Туындының дубляж демеушісі: Еуразиялық Топ (ERG).
Жобаның көркемдік нақышын келтіруге Бекболат Құрманқожаев, Қуаныш Бисеғали, Наурыз Сабаған, Алтынай Нөгербек, Гүлнәр Құрманбекова, Әбілмансұр Серіков үлес қосқан.
Дыбыстау – екінші ойнап шығу өнері. Яғни оргиналды түрде ойнаудан ерекшеленеді. Дегенмен әр актердің сезімін, басынан аяғына дейінгі оқиғасын алып шығу – ойнап шығудың ерекше бір түрі саналады.
Екінші маусымдағы жаңа кейіпкер – Ингрид патшайым. Алғашында жағымды, сүйкімді патшайым болғанымен оның барлық айласы, ішіндегі жоспарлары фильмнің соңына қарай ашылады. Расына келгенде жағымсыз кейіпкер болып шығады. Ал оның дыбыстаған А. Нөгербек. Актрисаның айтуынша, Ингрид патшайымының даусын дыбыстауы өмірінде қызықты тәжірибе болған.
Айта кетсек, фильм екі тілде ауқымды кинопрокатқа 17 қазаннан бастап шығады.
Дереккөз: Qamshy.kz