17 жастағы атыраулық бойжеткен туған ағасынан көрген зорлығын айтып, көптен көмек сұрады. Адам сенгісіз тағдырын автор İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасында жазған.
«Жасым-17-де. Атырауданмын. Анам ертеректе көз жұмған. Әкем, ағам, сіңлім төртеуміз тұрамыз. Ағам бәрі ұйықтағанда бөлмеме келіп, маған білгенін істейді. Қазір жүктімін. 4 айлық. Әкем естігенде оңдырмай ұрды. "Жәлеп" деп аузына келгенін айтты. Ағам қарап тұрды. Шындықты айтсам, әкем ағамды өлтіредә деп қорқам. Ертеңгі күні сіңлімнің тағдыры не болады. Соны ойлаймын. Сіңлімді алып, қашып кеткім кеп жүр. 18-ге толайын деп күтіп жүрмін. Баланы да не істерімді білмеймін. Ақыл айтыңыздаршы. Не істеймін?», - деп жазды ол.