$ 494.87  520.65  4.91

Сұлулық салонында тырнағын сәндеген қыздың денесінде жара қаптап кетті

Ең қызығы, сұлулық салонының менеджері Сьюзен Нгуен өзінің сән орталығын кінәлі деп санамаса да, өтемақының жарты сомасын төлеп беріпті.
фото: aif.ru
фото: aif.ru

АҚШ тұрғыны сұлулық салондарының бірінде өміріне аса қауіпті инфекция жұқтырып алдым деп сендіреді, деп хабарлайды Stan.kz

Теннесси штатының Мурфрисборо қаласында тұратын Челси Ллойд кыркүйек айында сол аймақтың жергілікті сұлулық салонында аяқ тырнағын сәндеген көрінеді. Алайда, біраз күннен соң қыздың аяғында ұсақ бөртпелер пайда болып, артынша терісіне мүлдем ірі жаралар қаптап кеткен.

Ллойдтың айтуынша бұл залалдан арылу үшін ол біршама ақша құртыпты, алайда, оқиғаға жауапты сән салоны шығынның тек жартысын өтеп берген.  Ең қызығы, сұлулық салонының менеджері Сьюзен Нгуен өзінің сән орталығын кінәлі деп санамаса да, өтемақының жарты сомасын төлеп беріпті. 

Сән салонында ауруға тап боламын деген ойында болмаған Челси Ллойд қорғаушыға ақшасы болмағандықтан, сотқа арызданбапты. Сол себепті, мұндай жағдай басқа да адамдардың басында қайталанбасын деп, өзінің көргенін көпшілікке жариялауды жөн көріпті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары