$ 443.35  475.54  4.82

Зират маңында 6 жасар қызды зорламақ болған азамат ұсталды

Ведомство мәліметінше, күдікті өтіп бара жатқан адамды көріп, қашып кеткен.
фото: knews.kg
фото: knews.kg

Ақтауда 6 жастағы қыз балаға азғындық әрекет жасамақ болған ер адам тұтқындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полция департаменті хабарлады деп жазады Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

20 қазан күні болған.

Күндізгі 11-лер шамасында белгісіз ер адам 28-шағынаудандағы 11-үйдің жанында 2013 жылы туған қызды алдап, ертіп кеткен және сол маңдағы зират жаққа алып, сексуальды азғындық әрекет жасамақ болған.
Ведомство мәліметінше, күдікті өтіп бара жатқан адамды көріп, қашып кеткен.

Ақтау қаласы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды ұстаған.

Күдікке ілінген азаматтың бұрын сотталғаны анықталды.

«Қазіргі уақытта күдікті өз ісін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық полиция департаменті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары