Заң 23.10.2019 сағат 11:30

Жаңа көлік құжатында енді саусақ іздері тіркеледі

"Біз жүргізуші куәліктерін тіркеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жады көп жаңа үлгідегі чиптерді енгізіп жатырмыз", - деп хабарлады ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.
Жаңа көлік құжатында енді саусақ іздері тіркеледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық жүргізуші куәліктеріне саусақ іздері тіркеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

"Біз жүргізуші куәліктерін тіркеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жады көп жаңа үлгідегі чиптерді енгізіп жатырмыз. Ол көп ақпарат сақтау үшін қажет, себебі құжат иесінің биометрикалық деректерін, оның ішінде саусақ іздерін де енгізбекшіміз. Чип құжаттың артқы бөлігінде орналастырылады. Жаңа көлік құжаты жеке құжатқа ұқсас. Тіркеу туралы куәлікке сәйкес құжаттың түсін өзгертуді жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев. 

Көлік құжатына саусақ іздерін 2021 жылдан енгізе бастайды. Бұған дейін жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісінің эскизі пайда болған. Жүргізуші куәлігінің түсі өзгереді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар