Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған күдікті Алматыда қолға түсті, деп хабарлайды КТК.
Әлеуметтік желіде 6-сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді.
36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ, ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Аталмыш жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген. Ал, тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.
Қуанышбек Бекқожаев, Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
«Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Седицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде».