Эйр Астана компаниясы Киевке ұшуларды белгісіз уақытқа дейін тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Украинаға ұшатын отандық «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі Facebook.com әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Эйр Астана» ұшақтары Украина аумағы арқылы ұшпайтындығын хабарлады.
«Эйр Астана» компаниясының Лондонға, Франкфурт пен Анталияға және кері қарай ұшатын бағыттары Украина аумағынан өтпейді. Ал Атырау-Амстердам-Атырау рейсінің ұшу бағыты өзгертіледі», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі бар Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағы 17 шілде күні Украинаның Донецк облысында апатқа ұшырады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың айтуынша, апатқа ұшыраған Boeing ұшағының бортында қазақстандықтар болмаған.