$ 494.87  520.65  4.91

Бір жарым жастағы қыз ине терапиясына арналған 5 инені жұтып қойды

Телеарна мәліметінше, ата-анасы шашылып жатқан құралдарды көріп, баланың мазасыздана бастағанына алаңдаған.

Қарағандыда бір жарым жасар қыз ине терапиясына арналған бес инені жұтып қойған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ата-анасы шашылып жатқан құралдарды көріп, баланың мазасыздана бастағанына алаңдаған. Ауруханаға жеткеннен кейін дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан. Ота сәтті аяқталды, ал бір жарым жасар қыз ауруханадан шықты.  

Айта кетейік, биылдың өзінде эндоскопистерде жас балалар жұтып қойған бірнеше құрал табылған. 50 шақты ота балалардың асқазанынан тиын, шеге, сақина және түйрегіштерді алу үшін жасалған.   

Дәрігерлердің сөзінше, биылдыққа асқазаннан инені алу операциясы екінші рет жасалып отыр екен. Бұған дейін дәрігерлер тігін инесін байқамай жұтып қойған 14 жастағы қызға ота жасаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ине