$ 442.05  474.14  4.74

Атырау қаласының іргесінде сұмдық жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

Оқыс оқиға таңғы сегіз шамасында болған.

Атырау қаласының іргесінде сұмдық жол апаты болды. Химиктер ауылының маңында Лада мен Нива соғысып, бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:   

- 1992 жылғы әйел оқиға орнында қаза болды. Екі көлікте отырған  жолаушылардан бес адам ауруханаға жеткізілді. Қазір ҚКтің 45-бабы үшінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды. 

Оқыс оқиға таңғы сегіз шамасында болған. Ол кезде қалада қою тұман тұрыпты. Сондықтан кімнің кінәлі екенін анықтау қиындық тудыруда. 

Жол апатынан қаза тапқан жолаушы облыстық перзентханада қызмет істейді. Жарақат алған адамдардың беті бері қарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау