$ 443.37  474.49  4.83

Таразда ер адам жол апатына ұшырап, 2 жасар баланы көліктің ішінде қалдырып кеткен

Абырой болғанда, апат салдарынан бала зардап шекпеген.

Тараз қаласында көлікті тізгіндеген ер адам жол апатына ұшырап, екі жасар баланы көліктің ішінде  қалдырып, қашып кетіпті. Полиция ер адамды таба алмай жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде орын алған. «Мазда» көлігін тізгіндеген ер адам үйдің алдындағы бағанаға соғылған. Салдарынан көліктің алдыңғы жағы жапырылып қалып, бетон қисайып кетіпті. Ал апатқа ұшыраған жүргізуші екі жасар баланы көлікте қалдырып, ізін суытқан. 

Белгілі болғандай, бүлдіршінді тастап қашып кеткен ер адам оның туыс ағасы екен. Абырой болғанда, апат салдарынан бала зардап шекпеген. Дәрігерлер оны тексеріп, ата-анасына табыстады. 

Бүгінгі таңда полиция 29 жастағы жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз