$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде 1 адамның атына 51 мың телефон нөмірдің тіркелгені белгілі болды

Қазір байланыссыз қалған абоненттерге комитет төрағасы операторларға жүгінуге кеңес берді.

Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірдің тіркелгені анықталды.

«Бір әйелдің атына 51 мың нөмірдің тіркелгені анықталды. Тиісінше ол ұялы байланыс кеңселерінің біріне барады да, сол 51 мың нөмірдің иесі ретінде операторға ол нөмірдің барлығын өшіріп, тек біреуін қалдырғысы келетіні жайлы өтініш жазады. Ал 51 мың нөмірдің ішіндегі бірталайын басқа адамдар пайдаланды ғой. Тиісінше, ол нөмірлердің барлығы да өшеді. Ал 51 мың нөмірі бар болып шыққан әйел сияқты басқа да қазақстандықтар болуы мүмкін», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко министрлікте тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Виталий Ярощенконың айтуынша, нөмірді тіркеп, ұялы телефонға бекітіп алуға қазақстандықтарға былтыр жыл бойы уақыт берілген. 

«Дәл осындай жаппай өшіру осы жылдың 1 қаңтар мен сәуір айларында болды. Телефон байланысы қашан реттеліді деген сұрақты операторларға қою керек. Менің білуімше, байланыс құралдарында ақаулық жоқ», - деді ол. 

Қазір байланыссыз қалған абоненттерге комитет төрағасы операторларға жүгінуге кеңес берді, деп жазады ҚазАқпарат. 

«Дәл осы мәселені сауал хат жолдадық. Әзірге жауап келген жоқ. Жалпы, ұялы байланыс операторлары дұрыс тіркелмеген нөмірлерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетуді тоқтатуы керек болатын. Әлбетте, заңнама нормаларын орындамағаны үшін оларға шара қолданылады», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазақстан