$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыда ІХ Республикалық Қасым оқулары басталды

Бүгін Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» ІХ республикалық Қасым оқулары басталды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде.
Фото: karaganda-region.gov.kz
Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» ІХ республикалық Қасым оқулары басталды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде.

Қатысушылар, қазылар алқасының мүшелері және оқуды ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде Қасым Аманжоловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Биыл номинацияның бірі «Жас дәурен» деп аталады. Байқауға қатысушылар Қасым Аманжоловтың әндерін орындайды.

- ІХ республикалық Қасым оқуларына 48 өтініш келіп түсті. Оның 16-сы жаңа, ән номинациясы бойынша. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, география да кеңеюде, - дейді ұйымдастырушы, Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дина Аманжолова. 

Байқауға Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарынан, сондай-ақ ШҚО, СҚО, ОҚО және Нұр-Сұлтан, Түркістан және Көкшетау қалаларынан орындаушылар мен мәнерлеп оқушылар қатысты. Қатысушылардың жасы 16-дан 32-ге дейін.

- Мен Жезқазған қаласынан келдім. Бұрын Абай, Мағжан және Пушкин оқуларына қатысқан едім. Бұл байқауға алғаш рет қатысамын. Өз шеберліктерімізді көрсетіп, өз өлеңдерімізді оқуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, - дейді қатысушылардың бірі Айдос Өтенов.

- Мен Қасым оқуларына екінші рет келіп отырмын. Егер өткен жылы поэзия жанрында қатыссам, биылғы жылы жаңа номинацияда бағымды сынап көруге шешім қабылдадым. Бүгін Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» әнін орындаймын. Сондай-ақ, «Өзім туралы» және «Сарыарқа» әндері де бар. Қасымдың шығармашылығында маған оның қайсарлығы ұнайды, бұл орайда оның туындылары Мұқағалидің өлеңдеріне сәйкеседі, - дейді Павлодардан келген қатысушы Мизан Жұмәлі.

Байқауға қатысушылар өздерінің үш шығармасын ұсынуы тиіс. Олардың бірі Қасым Аманжоловқа арналған. «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» номинациясында 32 үміткердің 10-ы ақтық сайысқа өтті. 

Қасымов оқулары 2017 жылдан бастап Республикалық деңгейде өтуде. Өткен жылдан бастап «Qasym» кітап сериясының шығарылымы басталды. Екінші кітаптың тұсаукесері жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде өтеді. 25 қазан күні Қарағандыда үздіктердің есімдері аталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары