$ 447.4  477.55  4.76

«Томирис» фильмінің прокатынан 480 миллион теңге табыс түсті

Сонымен қатар, министр бұл фильм халықаралық кинофестивальдерге ұсынылатынын жеткізді.

«Томирис» фильмінің прокатынан бүгінгі таңда 480 миллион теңге табыс түсті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Елімізде фильм республика бойынша күн сайын 800 рет көрсетіледі. Фильмнен түскен қаражат бүгінде 480 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат бюджетке және біздің кино өнерімізді дамытуға жұмсалады», - дейді министр. 

Сонымен қатар, министр бұл фильм халықаралық кинофестивальдерге ұсынылатынын жеткізді. 

«Томирис» отандық киноиндустрияның алға жылжығанын көрсетеді. Бұрын Қазақстанда түсірілген фильмдер бәсекеге қабілетсіз болатыны туралы жиі айтылатын. Енді біз осы сынды еңсеріп, жаңа бағытта дами бастадық», - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі «Томирис» фильмі алдымен қазақ тілінде көрсетілмегені үшін кешірім сұраған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Томирис