$ 442.05  474.14  4.74

БҚО-да жоғалған 2 бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды

Оқыс жағдай Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында болған.

Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балалар өлі күйінде табылды. Бес және екі жастағы бүлдіршіннің денелерін сүңгуірлер бүгін Жайықтан ағып шығатын Қарасу өзенінен алып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқыс жағдай Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында болған. Есік алдында ойнап жүрген бүлдіршіндерден ата-анасы кеше көз жазып қалыпты. Содан бері оларды полиция мен еріктілерден құралған 300-ден астам адам іздестірді. Олар ауыл маңы мен аулалардың бәрін шолып шыққан. Алайда қос балақайдың денесі су түбінен табылды. Олардың үйден шамамен бір шақырым жердегі өзенге қалай кетіп қалғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БҚО