$ 510.08  539.61  5.15

4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады - Сапарбаев

Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында президенттің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты. 

Вице-премьер президенттің тапсырмасы бойынша педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды материалдық қамтамасыз ету деңгейін жақсарту және білім беру саласының басқа да мәселелері шешілетіндігін атап өтті. Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.

"Әрбір елдің дамуы білім, денсаулық сақтау, азаматтардың мәдениетіне байланысты. Біздің балаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің мәртебесін, олардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Келешекте біздің мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Сапарбаев.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары