Жаңалықтар 27.10.2019 сағат 21:39

Өскемен тұрғыны едендегі суреттен әкесін танып қалды (ВИДЕО)

Наталия Андрееваға жақындары видео жіберген.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен тұрғыны сауда үйіндегі жаңа еденде төселген құлпытас бөлшегіндегі сурет әкесіне тиесілі екенін айтты, деп жазады Yk.kz

Наталия Андрееваға жақындары видео жіберген. Ондағы сурет осыдан 15 жыл бұрын қаза тапқан әкесінің бейнесі боп шықты.

Натальяның сөзінше, 5 жыл бұрын ғана олар құлыптасты жаңартқан. Алайда ескісін шебер қайтармаған.

"Ескерткішті қайта жасауға алып кетті. Ескі суретті қайтармағандықтан, керегіне жаратқан деп ойладық", -дейді қала тұрғыны.

Наталья бүгінде полицияға арыз жазған. Алайда қылмыстық тергеу жүргізіле ме жоқ па ол жағы белгісіз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар