$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, 3 адам көз жұмды.

Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 3 адам көз жұмды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 16 желтоқсан күні таңғы уақыт 08:53 минут шамасында Бурабай ауданының Қотыркөл ауылында жекеменшік тұрғын үй өртке оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 21 адам және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1962 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Сонымен қатар, осы күні түстен кейін 16:12 минут шамасында Жарқайың ауданының Зерноград ауылында тұратын 1940 жылғы Марина Ленкинаның пәтерінде де өрт болды.  Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үй иесі мен 1936 жылғы әйелдің денесі табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары