$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы жартылай марафонға әлемнің 26 елінен спортшы келген

«Жүгіру сиқырының күштілігі соншалық, жыл сайын шараға қатысушылардың саны артып келеді. Былтыр 3 500 адам қатысса, биыл 26 елден келген 5 000 спортшы қатысып отыр.
Фото: Алматы-ақшамы
Фото: Алматы-ақшамы

Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүгіруден Халықаралық жартылай марафон жарысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын желеу еткен бұл спорттық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және әлемнің 26 елінен келген спортшылар қатысқан.

Спортшыларға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Алматы марафонының» негізін қалаушы және қамқоршылық кеңестің төрағасы Ғалымжан Есенов сәттілік тіледі.

Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Алматы марафонының» негізін қалаушы Ғалымжан Есенов былтырғы жылмен салыстырғанда биыл марафонға қатысушылардың едәуір көп болғанын айтады.

«Жүгіру сиқырының күштілігі соншалық, жыл сайын шараға қатысушылардың саны артып келеді. Былтыр 3 500 адам қатысса, биыл 26 елден келген 5 000 спортшы қатысып отыр.

Жүгіру трассасы AIMS халықаралық марафон қауымдастығының ережелеріне сай сертификаттаудан өтті. Бұл оның сапалы екенін растап, әлемдік стандарттарға сай екендігін білдіреді.

Жартылай марафон - қаланың спорттық өмірінің ажырамас бөлігі және «Алматы марафоны» дәстүрінің жалғасуы», - дейді Ғалымжан Есенов.

21 км қашықтыққа жүгіруден 29 жастағы алматылық Михаил Красилов (1 сағат 9 минут 15 секунд) бірінші болып келді.

Ал екінші орын Тараз қаласынан келген Данияр Орманғалиға (1 сағат 10 минут 29 секунд) бұйырды.

Үшінші орын Амар Турубаевқа (1 сағат 12 минут 26 секунд) берілді.

Ал қыздар арасында бірінші болып Жанна Мамажанова (1сағат 19 минут 8 секунд) келсе, екінші болып Мадина Керимова (1 сағат 20 минут 46 секунд) және үшінші Айман Ратова (1 сағат 24 минуты 54 секунды) жүгіріп келді.

Ең жүйрік ерлер мен әйелдер үштігі 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай жүлде қорын өзара бөлісті. Жүлдегерлер әр жас санатында да анықталды. Айта кетерлігі, биыл жартылай марафон трассасында медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағы күшейтілді.

«Трассада жедел медициналық жәрдем бригадалары, велосипед мінген медиктер, Қызыл Жарты Ай Қоғамының еріктілері және Қызыл Жарты Ай Қоғамында жаттыққан Қазақ-Ресей Медициналық Университетінің ерікті студенттері кезекшілік етті.

Тас жолда сонымен бірге Cardios медициналық орталығының дәрігерлерінің шатырлары орнатылды. Ешкім ауыр жарақаттанған жоқ, ал әрбір келушіге шұғыл түрде көмек көрсетілді», - деді жарыстың бас дәрігері Оразбек Сахов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары